С.Жүнісов “Жаралы гүлдер”

ХХ-шы ғасырда неміс фашистері дүниені дүрліктірген сұрапыл соғыстың ауыр жүгін қазақ ауылындағы жасөспірім балалар мен әйелдер арқалады. Бірінің – әкесі, бірінің – бауыры соғыс майданында қаза тапқан балалардың қайғысы мен бала көңілі Военкомның темірдей тәртіпке иген талабымен қосақтанған көріністер көрермен көңілінен орын табары сөзсіз. Жасөспірімдердің періштедей пәк жүректері сағыныш кернеген сәтте, бір-бірін жұбатады. Қиындыққа мойымаған жас ғұмырлар, тіршілік көгін тұмшалаған қара түнектен жарқын өмірге қарай ұмтылады

Қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов

Қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері  Қалтөре  Жұмақұлов